Алматы Бірыңғай қалалық телемедициналық Call-орталық - 8 727 300 505 Ұялы байланыс операторлары үшін бірыңғай нөмір - 1312

Еңбек өтілі 34 жыл, денсаулық сақтау бакалавры.

«Біздің перзентханада жүктілік және босану патологиялары, сондай-ақ табиғи босану және кесар тілігі арқылы босанған әйелдерді қабылдауға арналған анестезиология, жансақтау және қарқынды терапия бөлімі жұмыс істейді. Біз өз жұмысымызда «Зиян келтірмеу» қағидасын басшылыққа аламыз. Сондықтан жансақтау бөлімшесінің барлық қызметкерлері тәжірибелі, өз ісінің білікті мамандары. Оларға емделушілер өз денсаулығы мен өмірін толық сеніп тапсыра алады. Мейірбикелер науқастар ауруханаға түскен сәттен бастап мамандандырылған бөлімге ауысқанға дейін жанында болады. Сондықтан қарқынды бақылау жүргізуде олар маңызды рөл атқарады. Өйткені, мейірбикелер дәрігердің нұсқауын уақтылы орындап қана қоймай, пациенттердің жағдайын үнемі қадағалап отырады, бұл олардың денсаулығындағы күрделі мәселелерді дер кезінде анықтап, жедел медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Жанашырлық, мейірімділік, әдептілік, коммуникативтілік, жауапкершілік – бұл біздің бөлімнің мейірбикелеріне тән басты қасиеттер», – деп атап өтті Ирина Леонидовна.