Алматы Бірыңғай қалалық телемедициналық Call-орталық - 8 727 300 505 Ұялы байланыс операторлары үшін бірыңғай нөмір - 1312

ШЖҚ «№ 4 перзентхана» КМК миссиясы

әйелге өзінің Ана болуы мен отбасына деген сенімін, сондай-ақ қоғамда одан әрі жүзеге асуы үшін күш беру болып табылады.

Миссия: қызметкерлердің кәсіпқойлығы мен зияткерлік әлеуетінің үйлесіміне негізделген жоғары сапалы медициналық қызметтерді көрсету, пациенттер үшін барынша жайлылықты қамтамасыз ететін жоғары технологиялық жабдықты ұсыну арқылы халықтың денсаулығын жақсартуда серпіліс жасау.

«Ана денсаулығына қамқорлық – дені сау бала – Қазақстанның лайықты болашағы!»

Әйелдерге өмірінің барлық кезеңінде, сондай-ақ ұрықтың дамуы кезінде, неонаталдық және нәрестелік кезеңде балаларға диагностикалау және емдеудің заманауи медициналық технологияларын енгізу негізінде сапалы медициналық көмек көрсету. Соның ішінде аналық ауруды төмендету, перинаталды жоғалту және бала кезінен мүгедектіктің алдын алу; әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау және қалпына келтіру. Бұның бәрі өз кезегінде халықтың сапасы мен өмір сүру ұзақтығының жақсаруына және демографиялық өсудің артуына әкелуі тиіс.

Миссияны іске асыру үшін келесі мәлімдемелер міндетті деп есептейміз:

  • Біз әр адам ерекше әрі бірегей деп санаймыз.
  • «Емделушінің қажеттіліктері бірінші орында». Біз әр науқасқа жанашырлықпен, мейірімділікпен қараймыз. Жұмысымызда да, жеке өмірімізде де біз қашанда Абырой, Адалдық пен Ар-ұятқа сәйкес әрекет етеміз.
  • Біз ынтымақты ұжымымыздың әрбір мүшесіне сенеміз және барлығына құрметпен және абыроймен қарауға уәде береміз.

Мақсат:

Еліміздің әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықтың медициналық қызметке деген қажеттілігін қанағаттандыру, Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту.

Біздің құндылықтарымыз:

  • Кәсібилік

Медициналық қызметтің ең жоғары халықаралық стандарттарға сай жоғары сапасы, ауруға емес, әрбір науқасқа кешенді көзқарас. Ежелден келе жатқан «Ауруды емес, науқасты емде» ережесі – біздің ұранымыз. Бұл жай сөз емес – бұл біздің өмір салтымыз. Біздің команда медицина нарығындағы ең кәсіби мамандардың бірі деп сеніммен айта аламыз.

  • Дәстүрге адалдық

Әрбір науқасқа жеке көзқарас, көпжылдық тәжірибе, емдік медицинадан профилактикалық медицинаға көшу, перзентханадағы ерекше атмосфера, ең алдымен пациенттеріміздің мүдделерін құрметтеу – осы құндылықтар біздің кәсіби қызметіміздің негізі болып табылады.

  • Жауапкершілік

Адамзат игілігі үшін еңбек ету – халықтың денсаулығын сақтау және жақсарту, өмір сүру сапасын жақсарту; біз тұратын және жұмыс істейтін қауымдастықты қолдау; қоғамның өзгермелі қажеттіліктеріне жауап ретінде өзгеруге ұмтылу.

  • Құпиялылық

Медициналық құпия дәрігерге сеніп тапсырылған жеке құпия бола отырып, кәсіби құпияға жатады. Біздің пациенттердің медициналық құпиясын қатаң сақтауға перзентхананың барлық қызметкерлері кепілдік береді.

  • Даму және инновация

Біздің міндетіміз – пациенттерімізді тезірек диагностикалау және қалпына келтіру үшін заманауи медициналық технологияларды, жаңа инновациялық жобаларды қолдану.

  • Ресурстарды ұтымды пайдалану