Алматы Бірыңғай қалалық телемедициналық Call-орталық - 8 727 300 505 Ұялы байланыс операторлары үшін бірыңғай нөмір - 1312

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№4 қалалық перзентхана» КМК Пациенттерді қолдау қызметіне (ішкі аудит қызметі) қош келдіңіз!

Пациенттерді қолдау қызметінің мақсаты проблемалық мәселелерді анықтау және медициналық көмектің сапасын одан әрі арттыру болып табылады

Егер сіздің:

– медициналық көмек сапасына көңіліңіз толмаса;

– медицина қызметкерлерінің дөрекі қатынасына тап болсаңыз;

– тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызмет үшін медицина қызметкерлерінің ақша талап ету фактілері кездестірсеңіз;

– сондай-ақ медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына қатысты басқа да проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Бас дәрігердің орынбасары Самарцева Екатерина Викторовна: +7 701 952 7008.

Жазбаша өтінішіңізді аты-жөніңізді, байланыс деректеріңізді (телефон нөміріңізді, мекен-жайыңызды) біздің аурухананың кіреберісінде орналасқан қоңыраулар жәшігіне қалдыра аласыз.

Сондай-ақ www.roddom4-almaty.kz сайтына «Электрондық қабылдау» айдарымен жүгінуге болады.

Пациенттерді қолдау қызметі сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарайды және 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей өтінішіңізді қарау нәтижелері туралы ақпаратты береді.

Пациенттерді қолдау қызметі емделіп жатқан пациенттердің өздерімен де, олардың туыстарымен де байланысуға құқылы.

Біздің ұйымның көрсететін медициналық көмегінің сапасын арттыруға көмектесетін өтініштеріңіз, ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.

Бірыңғай медициналық байланыс орталығының телефоны – 3000-103

Біздің веб-сайттағы чат арқылы тікелей онлайн байланыса аласыз – https://roddom4-almaty.kz/sample-page/preyskurant-tsen-nashey-organizatsii/vrachi-nashego-otdeleniya/