Алматы Бірыңғай қалалық телемедициналық Call-орталық - 8 727 300 505 Ұялы байланыс операторлары үшін бірыңғай нөмір - 1312

В вирустық гепатитіне қарсы вакцинация профилактикалық егу күнтізбесіне енгізілген – бұл барлық дені сау нәрестеге өмірінің бірінші күнінде, туғаннан кейін 3-5 сағаттан кейін жасалатын алғашқы егу.

Вирустық гепатитке қарсы вакцинация қатерлі ісік пен бауыр циррозынан қорғайды.

Вирусты гепатит (ВГ) – ұқсас клиникалық көрінісі бар және бауырдың басым зақымдануымен жүретін вирустық этиологиялы аурулардың үлкен тобы. Аса ауыр ауруларды В (ВВГ) және С (СВГ) гепатиті вирустары тудырады, олар көбінесе созылмалы түрге ауысады. Цирроз немесе бауыр ісігіне дейін жеткізуі мүмкін. Әлемдегі әрбір үшінші адам дерлік (2 миллиардқа жуық) ВВГ-мен ауырады, ал әрбір он екінші адам созылмалы ВВГ және СВГ инфекциясымен өмір сүреді. Вирусты гепатитпен сырқаттанушылықтың өсуі жастар арасында нашақорлық пен азғындықтың өсуімен анықталады.

Гепатит вирусы келесі жолдармен беріледі:

  • жұқтырған анадан оның баласына;
  • қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде;
  • инфекциялық қауіпті қанды және оның компоненттерін құю кезінде;
  • дезинфекция және зарарсыздандыру ережелері сақталмаған жағдайда, медициналық немесе медициналық емес манипуляциялар кезінде науқастың және тасымалдаушының қанымен ластанған аспаптар арқылы;
  • стерильді емес шприцтерді, инелерді, препараттарды сұйылтуға және дайындауға арналған кәдімгі ыдыстарды қолдану арқылы дәрілік заттарды көктамыр ішіне енгізу кезінде;
  • жеке гигиена құралдарын (қайшы, ұстара, тіс щеткалары және т.б.) ортақ пайдалану жағдайында науқаспен немесе тасымалдаушымен бірге тұрғанда.

В және С вирусты гепатиті дер кезінде дәрігерге қаралған жағдайда емделеді.

В және С гепатиті вирусын жұқтырудан қорғау шаралары:

  • Кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болу, бір сенімді серіктес болуы;
  • Қауіпсіз жыныстық қатынасқа: жыныстық қатынас кезінде презервативті қолдану;
  • Ешқашан тәжірибе жасамау, есірткіні қолданбау;
  • Косметикалық процедуралар (татуировка, пирсинг, маникюр және педикюр) жүргізуге лицензиясы бар арнайы мекемелерде жүргізілуі керек;
  • Тек жеке гигиена құралдарын пайдалану: қырыну және маникюр керек-жарақтары, қайшы, тарақ, жуғыш, сүлгі;
  • В гепатитіне қарсы екпе алу.

ВВГ вакцинациясы тиімді (95% жағдайда) қорғаныс құралы болып табылады.

Біздің елімізде В гепатитіне қарсы егу Ұлттық иммундау күнтізбесіне енгізілген. Орталық және қалалық ауруханалардың, перинаталдық орталықтардың перзентхана бөлімшелерінде, одан кейін өмірінің екінші және 4-айында тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының егу кабинеттерінде балаларды В гепатитіне қарсы егу тегін жүргізіледі. Сондай-ақ В вирустық гепатитіне қарсы профилактикалық егулерді медицина қызметкерлері, медициналық бейіндегі орта және жоғары білім беру ұйымдарында оқитын, В вирустық гепатиті ошақтарында байланыста болған адамдар алады.