Алматы Бірыңғай қалалық телемедициналық Call-орталық - 8 727 300 505 Ұялы байланыс операторлары үшін бірыңғай нөмір - 1312

Серіктестер босану кезінде маңызды рөл атқарады және олардың қолдауы әйелдер үшін процессті айтарлықтай жеңілдете алады.
Босану кезінде атқару және ескеру керек нәрселер:

1. Эмоциялық қолдау: жанында болыңыз, қолдау көрсетіңіз және жігерлендіріңіз. Сіздің босануға қатысуыңыз әйелге тыныштануға және өзін сенімді сезінуге көмектеседі.

2. Ақпараттанған болу: босану процесі мен кезеңдері және болуы мүмкін медициналық араласулар туралы білу. Бұл не болып жатқанын жақсы түсінуге және серіктесіңізбен бірге дұрыс шешім қабылдауға септігін тигізеді.

3. Физикалық қолдау: қолдан ұстап, арқаны немесе аяқты уқалау арқылы жайлылықты қамтамасыз етіңіз. Қажет болған жағдайда позицияны өзгертуді ұсыныңыз.

4. Медицина қызметкерлерімен байланыс: белсенділік танытыңыз, сұрақ қойып және денсаулық сақтау қызметкерлеріне ақпарат беріңіз.

5. Ыңғайлы атмосфераны жасаңыз: тыныш ортаны құруға көмектесіңіз – демалуға көмектесу үшін музыканы пайдалануға болады.

6. Тыныс алу және релаксацияға көмек: бұрын үйренген тыныс алу және релаксация әдістерін еске түсіріңіз.

7. Шешім қабылдау кезіндегі қолдау. Сіздің серіктесіңіз ауырсынуды басу әдістеріне немесе босанудың басқа аспектілеріне қатысты шешімдерін қолдайтыныңызды білетініне көз жеткізіңіз.

8. Босанғаннан кейінгі кезеңге қатысу: Бала туылғаннан кейін серіктесіңізге қолдау көрсетуді жалғастырыңыз, оның жаңа міндеттергк бейімделуіне көмектесіңіз.