Алматы Бірыңғай қалалық телемедициналық Call-орталық - 8 727 300 505 Ұялы байланыс операторлары үшін бірыңғай нөмір - 1312
Таирова Раушангүл Михайловна – біздің перзентхананың анестезиолог-дәрігер медбикесі.
 
 Раушангүл Таирова 35 жылдан бері анестезиология және жан сақтау  бөлімінде жұмыс істейді:
 
 «Менің негізгі мамандығым – акушер, бірақ мен реанимацияда жұмыс істей бастадым, кейінірек сонда қалдым – мұнда ұжым жақсы.  Мен күнделікті ауысымды, операциядан кейінгі емізетін әйелдерді және ауыр науқастарды қабылдаймын – мұнда әрбір ұсақ-түйек маңызды.  Алла бұйыртса бәрі жақсы болады, əйел аяғынан тұрсын, дəрігерлердің айтқаны мұқият орындалады. Әр әйелді жақын адамымыздай көріп, махабатпен және қамқорлықпен күтім жасаймыз. Бізде бәрі болды, көпті көрдік, осылайша 35 жыл зымырап өткенін байқамай қалыппыз. Ең бастысы, адамға жақсылық жасап жатқаныңызды түсініңіз, әйел өз аяғымен, қолында баласымен кеткенде ерекше қуанасыз.
Жан сақтау бөлімінде әртүрлі жағдайлар болады, барлығы жүрегімізден өтеді. Бірақ, қуанышымызға қарай,  перзентханада бақытты сәттер әлдеқайда көп», – дейді Раушангүл Михайловна.