Бөлімше меңгерушісі – Кудрявцева Ольга Борисовна жоғары санатты неонатолог дәрігері.
Қабылдау уақыты: 08.30 – 15.30
Жұмыс телефоны: 8-727-254-63-77.
Жаңа туған нәрестелер бөлімшесінде ана мен жаңа туған нәресте өмірінің алғашқы күнінен бастап бірге тұруы ұйымдастырылады, онда біз бала өмірінің алғашқы сағатынан бастап маңызды болып табылатын емшек сүтімен емізуді қолдаймыз және аналарға нәрестені қалай күту керек екенін үйретеміз. Біздің қамқор да тәжірибелі медбикелер сізге нәрестеңізді күтуге көмектеседі, ал білікті неонатологтар оны күнделікті бақылайды.
Неонатолог – бала өміріндегі алғашқы дәрігер («нео» грек тілінен аударғанда «жаңа» дегенді білдіреді, «натос» – туу). Бұл дәрігер дүниеге келген кішкентай адамды «қарсы алады», оны қолына алады, анасының кеудесіне жатқызады, оны алғашқы сағатта, күнде, аптада бақылайды. Неонатолог әр босану процесіне қатысады және әлсіреген немесе шала туған нәрестеге көмектесуге қашанда дайын болады. Ол үшін жаңа туған нәрестелер бөлімшесінде қажет нәрсенің бәрі бар. Баланың жағдайын тұрақтандырудан кейін сіз баламен бір бөлмеде болу мүмкіндігіне ие боласыз.
Шығар алдында біз сізге үйде жаңа туған нәрестеге қалай күтім жасау керек екенін егжей-тегжейлі айтып береміз, біздің тәжірибелі неонатологтар сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап береді.
Егер сіз нәресте күтіп жүрсеңіз, оны күтіп отырған сіз ғана емес екенін біліңіз!
Оны жаңа туған нәрестелер бөлімшесінде күтеді, өйткені мұнда өз мамандығын сүйетін адамдар жұмыс істейді.