Әрбір пациенттің шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін дәрігерді немесе медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға құқығы бар.
Алайда, емхананы таңдау келесі принциптерге негізделгенін атап өткен жөн:
1) отбасылық қызмет көрсету;
2) МСАК аумақтық қолжетімділігі;
3) МСАК аумақтық қолжетімділігі шегінде медициналық ұйымды еркін таңдау;
4) пациенттің медициналық көмек сапасына қанағаттануы;
5) меншік нысанына және ведомстволық тиесілілігіне қарамастан тең құқықты және адал бәсекелестікті қамтамасыз етеді.
Емханаға тіркелу бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде МСАК ұйымын еркін таңдау құқығын ескере отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша жүзеге асырылады.
МСАК дәрігерін еркін таңдау учаскеде бекітілген халықтың санын ескере отырып, тіркелген жері бойынша емханада жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерді және (немесе) азаматтығы жоқ адамдарды, пана іздеп жүрген адамдарды МСАК ұйымдарына бекіту мыналарды көрсету үшін жүзеге асырылады:
Ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС)шеңберіндегі МСАК;
Жүктелген медициналық сақтандыру (ЖМС) шеңберіндегі МСАК.
Дереккөз:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 77-бабы
ҚР ДСМ 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 «медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы»бұйрығы