Алматы қаласы Қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов №4 перзентханаға барып, мекеме директорының 2025 жылғы қызмет қорытындылары бойынша есебін тыңдады.
Мекеменің 120 орынға шақталған. 2025 жылы 9 743 әйелге медициналық көмек көрсетілді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 569 жағдайға артық.
Қабылдау бөліміне 10 518 өтініш тіркеліп, бұл алдыңғы жылдың көрсеткіштерінен едәуір жоғары болды. Оның шамамен 12,5 пайызы Түрксіб ауданының шекаралық орналасуына байланысты Алматы облысының тұрғындарына тиесілі. Тұрғылықты жеріне немесе тіркелуіне қарамастан, барлық пациенттерге медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі. Қабылдау бөлімінде триаж-сұрыптау жүйесі енгізіліп, тұрақты түрде қолданылуда.
Өткен жылы №4 перзентханада 4 714 сәби дүниеге келді (2024 жылы — 4 436 босану). Жүктілік патологиясы бөлімінде 7 200-ден астам әйел ем қабылдады, оның ішінде артериялық гипертензия, ЖРВИ, бронхит, преэклампсия және пневмония жағдайлары бар. 2025 жылы 1054 кесарь тілігі отасы жасалды.
Ерте неонаталдық өлім-жітім көрсеткіші төмендеді, сондай-ақ нәрестелер өлімі азайды.
Мекеменің негізгі жетістіктері:
• Бөлімшелерде, палаталарда және санитарлық тораптарда косметикалық жөндеу жүргізіліп, душ кабиналары орнатылды; ескі корпустың шатыры ішінара ауыстырылып, пациенттердің жату жағдайы жақсарды.
• Ұлттық аккредиттеуден өтіп, бірінші біліктілік санаты берілді.
• Дәріханалық қызметтің тиісті практикасы (GPP) талаптарына сәйкестік сертификаты алынды.
• Кредиторлық берешек жоқ, кәсіпорын табысты жұмыс істеп отыр.
• КНИ талаптарының орындалуы қамтамасыз етілді.
• Әйелдерді қабылдау, есепке қою, жүктілікті жүргізу және әрі қарай №4 перзентханада босандыру үшін әйелдер кеңесі бөлімі ашылды.
• Ерте босанғаннан кейінгі кезеңде кешенді тексеруден өтуді қалайтын әйелдерге арналған «Босанудан кейінгі Check-Up» қызметі іске қосылды.
Біліктілікті арттыру қағидаларына сәйкес, 2025 жылы «Автоматты сыртқы дефибрилляторды қолдана отырып жүргізілетін базалық реанимациялық іс-шаралар (BLS/AED)» тақырыбындағы семинарға 177 қызметкер жіберілді.
Дәрігерлік құрам арасынан 28 маман біліктілігін арттырды, оның ішінде:
✓ Денсаулық сақтау саласындағы менеджер — 2,
✓ Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі — 1,
✓ Акушерлік және гинекология — 18,
✓ Анестезиология және реаниматология — 4,
✓ Неонатология — 3.
Медициналық көмектің сапасына қанағаттанушылықты арттыру бағытындағы жұмыс күшейтілді. Пациенттерді қолдау қызметіне 15 өтініш түскен, оның 8-і түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін қайтарылып алынды. Қалған мәселелер бойынша кездесулер, кеңестер өткізіліп, жазбаша жауаптар берілген соң пациенттер қанағаттанғанын білдірді. Қайталама өтініштер тіркелмеді.
2026 жылға арналған негізгі даму бағыттары мен міндеттер:
• Пациенттердің қауіпсіздігін арттыру, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды дербестендірілген есепке алуды енгізу, сондай-ақ ауруханаішілік дәріхананы халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында госпитальдық фармация бөлімін құру.
• Пациенттердің жайлылығын арттыру үшін ғимаратты кезең-кезеңімен жаңғырту.
• Бюджеттен тыс түсімдер көлемін ұлғайту.
• Материалдық-техникалық базаны жаңарту.
• Қызметкерлердің біліктілігін арттыру — персоналға арналған оқыту семинарлары циклін өткізу жоспарланған.
• Цифрландыру және үдерістерді автоматтандыру аясында мекеме инфрақұрылымды жаңғыртуды жалғастырады. 2026 жылға барлық қызметкерлерді қамтитын, шаруашылық міндеттерді бақылауға, клиникалық хаттамалар мен дәрілік формулярдың сақталуын қамтамасыз етуге, шығындарды жоспарлауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект элементтері бар ішкі электронды құжат айналымы жүйесін енгізу көзделген. Сонымен қатар персонал, пациенттер және олардың туыстары арасындағы өзара байланысты жақсарту үшін виртуалды call-орталық жетілдірілуде (мемлекеттік тілде оқыту қарастырылған). Бұл жүйе телефон арқылы кеңес беретін дербес көмекші ретінде жұмыс істеп, медицина қызметкерлері үшін анамнез деректерін жинауды қамтамасыз етеді.





