МӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығынқамтамасыз ету үшін 2026 жылғы 1 қаңтарданбастап МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдарды есептеу үшін базаның жоғарғышегін арттыру ұсынылады.
Енді жұмыс берушілер жарналарды 40 ЕТЖ-дан аспайтын сомадан, ал қызметкерлер – 20 ЕТЖ-ға дейінгі сомадан аударатын болады.
Бұл шешім бір уақытта мынаған мүмкіндікбереді:
🔸 бизнес пен азаматтарға жүктемені азайту,
🔸 сақтандыру моделінің тұрақтылығы мен қаржылық тұрақтылығын сақтау.
______________
салық салынатын базаның жаңа шегін жүргізу:
Жүйенің әділдігін арттырады: қазір табысыжоғары адамдар пропорционалды түрде аз төлейді.
МӘМС қаржылық тұрақтылығын нығайтып, 2026 жылы қосымша 200 млрд теңгеніқамтамасыз етеді.
Бұл шара қанша қазақстандыққа әсер етеді?
МӘМС жарналары табысы 3 млн 400 мыңтеңгеден асатын 20 мың қызметкер үшін ғанаұлғаяды. Бұл елдегі барлық жалдамалыжұмысшылардың 0,36%-ын құрайды.
Жалпы, бұл норма 850 мың теңгеден астамтабысы бар жалдамалы қызметкерлердің 9%-ына әсер етеді. Жұмысшылардың 91%-ы үшінештеңе өзгермейді.
Егер біз цифрлармен сөйлесетін болсақ
ҚАЗІР: орташа жалақысы 300 мың теңгеболатын қызметкерлер МӘМС жарнасын 6 мыңтеңге немесе табыстың 2% деңгейінде төлейді.
Орташа жалақыдан 5 есе жоғары 1,5 млн теңгекіріс кезінде 10 ЕТЖ (850 мың теңге) жоғарғышегі іске қосылады, сондықтан жарна 17 мыңтеңгеден немесе табыстың 1,1%-ынанаспайды.
Орташа жалақыдан 10 есе жоғары 3 млн теңгедегі табыстан МӘМС жарнасы 17 мыңтеңгеге немесе табыстың 0,6%-на тең болыпқалады.
ӨЗГЕРІСТЕРДЕН КЕЙІН: 2026 жылдан бастапЕТЖ мөлшерін ескере отырып, МӘМС-кежалдамалы қызметкерлер мен жұмысберушілердің жарналары мен аударымдарынесептеу үшін соманың жоғарғы шегі:
Қызметкерлер үшін-1,7 млн теңге және еңжоғары аударымдар айына 34 мың теңгеніқұрайды;
Жұмыс берушілер үшін – 3,4 млн теңге және еңжоғары аударымдар айына 102 мың теңгеніқұрайды.
Есте сақтау маңызды! Жұмысшылар мен жұмыс берушілер үшін жарна мөлшерлемесіөзгермейді. МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдарды есептеу үшін кірістердіңжоғарғы шегі ғана көтеріледі!


