Алматы қаласындағы №4 перзентхананың жаңа туған нәрестелер бөлімінің анестезиолог-реаниматологы Власов Олег Юрьевич «Мамандыққа адалдығы үшін» медалімен марапатталды — бұл РҚБ «Ұлттық медицина қауымдастығының» жоғары наградаларының бірі.
📜 Марапат отандық денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан зор үлесі мен Қазақстан халқының денсаулығы жолындағы адал еңбегі үшін табысталды.
🌟 11 жылдық тәжірибе ішінде Олег Юрьевич өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, кәсіби біліктілігі жоғары маман ретінде танылды. Оның жұмысы — жоғары дәлдік пен ұқыптылықты қажет ететін күрделі сала, себебі ол күн сайын сәбилердің өмірін аман сақтап қалуға атсалысады.
💐 Жоғары марапатпен шын жүректен құттықтаймыз! Ерен еңбегіңіз үшін алғыс білдіреміз! Сізге мықты денсаулық, кәсіби табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!