Алматы Бірыңғай қалалық телемедициналық Call-орталық - 8 727 300 505 Ұялы байланыс операторлары үшін бірыңғай нөмір - 1312

1. Ұрықжолдастың дұрыс орналаспауы: ондай кезде (плацента төмен орналасады немесе жатыр мойнын жауып тұрады).

2. Көп ұрықты жүктілік: егіз немесе үшем не одан да көп сәбиге жүкті болса. әсіресе ұрықтың белгілі бір позицияларында.

3. Бұған дейін де кесарь тілігі жасалған болса: әйелде бір немесе бірнеше рет кесар тілігі болған болса, әсіресе тігінен кесілген болса.

4. Жатыр аномалиялары: табиғи босануға кедергі келтіруі мүмкін миома сияқты жатырдың ауытқулары.

5. Ана аурулары: Ананың немесе баланың денсаулығына қауіп төндіретін қант диабеті, гипертония немесе жүрек-қан тамырлары аурулары сияқты созылмалы аурулар.

6. Ұрықтың дамуында проблемалар болса: мысалы, ұрықтың өспеуі немесе басқа ауытқулар.

7. Ұрықтың дұрыс емес орналасуы: Мысалы, босану кезінде ұрықтың көлденең немесе қиғаш орналасуы.

8. Инфекциялар: Табиғи босану кезінде қауіп тудыруы мүмкін инфекциялардың болуы.

9. Нәрестенің денсаулығына қауіп төндіретін: ұрықтың денсаулығына қатысты алаңдаушылық болса.

Жоспарланған кесар тілігі әдетте дәрігермен алдын ала талқыланады. Онда ана мен балаға төнуі мүмкін қауіптер мен артықшылықтар қарастырады.