Бөлімше меңгерушісі – Эзау Дмитрий Александрович.
Бөлімше жүкті әйелдерге мамандандырылған көмек көрсетеді, консервативті және операциялық жоспарлы емдеу; гинекологиялық науқастар, медициналық аборт. Серіктес босануды үйрететін топ бар.
Қабылдау уақыты: 08.30 – 15.30
Жұмыс телефоны: 8-727-247-21-67.
Жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі де бүкіл перзентхана сияқты әр түрлі патологиясы бар жүкті әйелдерге тәулік бойы мамандандырылған көмек көрсетеді. Мұнда жыл сайын түрлі акушерлік және экстрагениталды патологиясы бар 1,7 мыңнан астам жүкті әйел тексеріліп, емделеді.
Бөлімше ұрықтағы гипоксия, ұрықтың құрсақішілік дамуының тежелуі, ұрықтың туа біткен ауытқулары сияқты ауруды дер кезінде диагностикалауға мүмкіндік беретін заманауи қондырғылармен жабдықталған. Бөлімшеде аспаптық диагностикалық әдіс – амниоскопия, кардиотокография, УДЗ, доплерометрия кеңінен қолданылады.
Жүкті әйелдерді пренатальды госпитализациялау жүктілік патологиясы бөлімшесінде босану мерзімі мен әдістері туралы мәселені шешу, туу арнасын босануға дайындау үшін жүргізіледі. Жүктілік патологиясы бөлімшесінің мамандары ауыр акушерлік және экстрагениталды патологиясы бар науқастарға жоспарлы және шұғыл түрде күнделікті кесарь тілігі жасайды.