Алматы Бірыңғай қалалық телемедициналық Call-орталық - 8 727 300 505 Ұялы байланыс операторлары үшін бірыңғай нөмір - 1312

ШЖҚ «№4 қалалық перзентхана» КМК медициналық қызметкерінің

ӘДЕП КОДЕКСІ

 

I Жалпы ережелер

II Медицина қызметкері және қоғам

III Медицина қызметкері және пациент

IV Медицина қызметкерлерінің алқалылығы

V Медициналық құпиялылық

VI Әдеп кодексінің шектері, оны қайта қарау тәртібі және оны бұзғаны үшін жауапкершілік

I Жалпы ережелер

  1. Медицина қызметкерлерінің әдеп кодексі (бұдан әрі – Кодекс) – медициналық қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындау кезінде сақтауға ұсынылатын этикалық нормалар мен мінез-құлық ережелерінің жиынтығы.
  2. Кодекстің ережелері ШЖҚ «№4 қалалық перзентхана» КМК барлық медицина қызметкерлеріне қолданылады.

II Медицина қызметкері және қоғам

  1. Медицина қызметкерiнiң кәсiптiк қызметiнiң негiзгi мақсаты адам өмiрiн сақтау, аурудың алдын алу және денсаулықты қалпына келтiру, сондай-ақ жазылмайтын ауру кезiнде азапты азайту болып табылады. Медицина қызметкері Гиппократ антын, гуманизм мен мейірімділік принциптерін басшылыққа ала отырып, өз міндеттерін орындайды.
  2. Медицина қызметкері өз шешімдері мен іс-әрекеттері үшін толық жауапкершілікте болады, ол кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттыруға міндетті.
  3. Медицина қызметкері өз қызметінде өзіне белгілі және пайдалануға рұқсат етілген медицина ғылымының соңғы жетістіктерін пайдалануға міндетті.
  4. Медицина қызметкерінің кәсіби шешім қабылдауына материалдық, жеке пайда себептері әсер етпеуі керек.
  5. Медицина қызметкерi дәрiлiк затты өндiрушiлер мен дистрибьюторлардан олар ұсынатын дәрiлiк заттарды жазып бергенi үшiн көтермелеу шараларын қабылдамауы керек.
  6. Медицина қызметкері дәрілік затты тағайындау кезінде тек медициналық көрсеткіштер мен пациенттің мүддесін қатаң басшылыққа алуы керек.
  7. Медицина қызметкері жасына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, дініне, әлеуметтік жағдайына, саяси көзқарасына, азаматтығына және басқа да медициналық емес факторларға, соның ішінде материалдық жағдайына қарамастан, оған мұқтаж кез келген адамға медициналық көмек көрсетуі міндетті.
  8. Медицина қызметкері өзі жұмыс істейтін мекемеге қатысты өз міндеттерін адал орындауы міндетті.
  9. Студенттер мен жас мамандарға дәріс беретін медицина қызметкері мінез-құлқымен, қызметтік міндеттерін орындауға деген көзқарасымен оларға лайықты үлгі болуы керек.
  10. Медицина қызметкері өзiнде бар құралдармен (газет, журнал, радио, теледидар, әңгiме және т.б.) салауатты өмiр салтын насихаттауы, әлеуметтiк және кәсiптiк әдеп нормаларын сақтауда үлгi болуы мiндеттi.
  11. Медицина қызметкері кәсіптік дербестікке сәйкес келетін, медицина қызметкерінің қадір-қасиетін төмендетпейтін, пациенттерге және оның кәсіби қызметіне зиян келтірмейтін кез келген басқа қызметпен айналыса алады.
  12. Медицина қызметкерінің жеке практикамен айналысу құқығы заңмен реттеледі.
  13. Медицина қызметкерінің ізгі мақсаттары оның жеке қадір-қасиетін құқықтық қорғауды, жеткілікті материалдық қамтамасыз етуді, кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін жағдай жасауды талап етуге негіз береді.
  14. Ұйымдық наразылық нысандарына қатысса да, медициналық қызметкер өзiнiң қадағалауындағы науқастарға қажеттi медициналық көмек көрсету мiндеттемесiнен босатылмайды.
  15. Медициналық этиканың сақталуын бақылауды медицина қызметкерінің тікелей басшылары жүзеге асырады.

III Медицина қызметкері және науқас

  1. Медицина қызметкері пациенттерге көрсетілетін медициналық көмек сапасы үшін жауапты. Ол өз жұмысында Қазақстан Республикасының заңдарын, қолданыстағы нормативтік құжаттарды (медициналық стандарттарды) басшылыққа алуы керек. Әрі аталған ұйғарым шеңберінде аурудың ерекшелігін ескере отырып, емделушінің мүдделерін басшылыққа ала отырып, әр жағдайда ол ең тиімді деп санайтын емдеу түрін, оның алдын алу, диагностикалау және емдеу әдістерін таңдайды. Қажет болған жағдайда медицина қызметкері әріптестерінің көмегіне жүгінуге міндетті.
  2. Медицина қызметкері өзі көрсететін медициналық көмектің сапасы жоғары деңгейде болуы үшін бар күш-жігерін салуы тиіс.
  3. Медицина қызметкері емделушіні негізсіз қауіп-қатерге ұшыратпауы керек, сонымен қатар білімін адамгершілікке сай келмейтін мақсаттарда пайдаланбауы тиіс. Емдеудің әдісін таңдаған кезде медицина қызметкері ең алдымен «Зиян келтірме!» деген өсиетті басшылыққа алуы керек.
  4. Медициналық қызметкер, шұғыл көмек көрсету керек болған науқастың жағдайын нашарлатпайтын шараларды қолдануға міндетті болған жағдайларды есепке алмағанда, пациент және өзі арасында қажетті өзара сенімнің жоқтығына сенімді болса, өзінің құзіретінің жеткіліксіз екенін сезінсе, пациентті емдеуге қажетті мүмкіндігі болмаса, науқасты емдеуден бас тартуға құқылы. Осы және осыған ұқсас жағдайларда медицина қызметкері бұл туралы тікелей басшыға хабарлау және науқасқа құзыретті маман ұсыну үшін барлық шараларды қабылдауы керек.
  5. Медицина қызметкері пациенттің емдеуші дәрігерді, мекемені таңдау және емдеу-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру бойынша шешім қабылдауға қатысу құқығын құрметтеуі міндетті. Емделуге пациенттің ерікті келісімін әдетте медицина қызметкері науқаспен жеке әңгімелесу кезінде алады. Бұл келісімде емделуші емдеу әдістері, оларды қолданудың салдары, атап айтқанда, мүмкін болатын асқынулар және емдеудің басқа балама әдістері туралы міндетті түрде хабардар етілуі ​​тиіс. Емделушінің келісімінсіз емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүргізуге науқастың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген және пациенттің жағдайды барабар бағалау мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана жол беріледі. Мұндай жағдайда шешімді алқалы түрде қабылдаған дұрыс. Медицина қызметкері психикалық аурумен ауыратын адамдарды емдеу кезінде Қазақстан Республикасының психиатриялық көмек көрсету туралы заңнамасын және оны көрсету кезінде азаматтардың құқықтарының кепілдігін басшылыққа алуы тиіс. Медицина қызметкері баланы емдеу кезінде оның ата-анасына немесе қорғаншыларына толық ақпарат беруі, олардың белгілі бір емдеу әдісін немесе дәрі-дәрмекті қолдануға келісімін алуы міндетті.
  6. Медицина қызметкері науқастың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, оған мейірімділікпен қарауға, оның жеке құпиясын сақтау құқығын құрметтеуге, науқастың жай-күйі туралы туыстары мен жақындарының алаңдаушылығына түсіністікпен қарауға, әрі науқастың және оның отбасы мүшелерінің жеке жағдайына араласпауы тиіс.
  7. Медицина қызметкерінің науқасқа өзінің философиялық, діни және саяси көзқарасын таңуға құқығы жоқ. Дәрігердің жеке көзқарасы және басқа да кәсіби емес уәжі диагностика мен емдеуге әсер етпеуі керек.
  8. Егер пациенттің өзі хабардар етілген келісім бере алмаса, оны пациенттің заңды өкілі немесе тұрақты қамқоршысы беруі тиіс.
  9. Пациент өз денсаулығының жай-күйі туралы жан-жақты ақпарат алуға құқылы, бірақ ол одан бас тарта алады немесе өзінің денсаулығының жай-күйі туралы хабарлануы тиіс адамды көрсете алады.

Ақпарат пациентке ауыр зиян келтіруі мүмкін деп санауға дәлелді себептер болған жағдайда жасырылуы мүмкін. Алайда, науқастың нақты білдірілген өтініші бойынша медициналық қызметкер оған толық ақпарат беруге міндетті. Науқас үшін қолайсыз болжам болған жағдайда, оны өмірдің ұзаруына, ықтимал қолайлы нәтижеге үміт қалдыра отырып, өте нәзік және мұқият хабарлау керек.

  1. Медицина қызметкері пациенттің өтініші бойынша оның басқа медицина қызметкерінен кеңес алу құқығын жүзеге асыруына кедергі болмауы керек.
  2. Медицина қызметкері келесі жағдайда науқасты басқа маманға сеніп тапсыра отырып, онымен жұмыс істеуден бас тарта алады:

– егер ол өзін бұл мәселе бойынша жеткіліксіз құзыретті сезінсе, тиісті көмек түрін көрсетуге қажетті техникалық мүмкіндігі болмаса;

– медициналық көмектің бұл түрі дәрігердің моральдық қағидаларына қайшы келеді;

– дәрігер науқаспен терапевтік ынтымақтастық орната алмаған жағдайда.

  1. Медицина қызметкері науқаспен сөйлескен кезде өзін-өзі жарнамалауға жол берілмейді.
  2. Емдеу барысында қателік жіберілсе немесе күтпеген асқынулар туындаса, медицина қызметкері бұл туралы пациентке, тікелей жетекшіге хабарлауға және зиянды зардапты түзетуге бағытталған іс-әрекеттерге дереу кірісуге міндетті.
  3. Медициналық қызметкер бүркеншік ат, ресми берілген атақ, дәрежені көрсетпей, кәсіби міндетті тек өз атымен ғана атқара алады.

IV Медицина қызметкерлерінің алқалылығы

  1. Медицина қызметкері өмір бойы өзін кәсібилікке үйреткен адамға құрмет пен алғыс сезімін сақтауға міндетті.
  2. Медицина қызметкері медицина қауымының ар-намысы мен асыл дәстүрін қорғауға міндетті. Медицина қызметкерлері бір-біріне құрметпен, мейірімділікпен қарауы керек.
  3. Бір медицина қызметкерінің басқа медицина қызметкерінің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтіруіне немесе оның беделін өзге де жолмен түсіруге құқығы жоқ.
  4. Күрделі клиникалық жағдайда тәжірибелі медицина мамандары тәжірибесі аз әріптестеріне дұрыс түрде кеңес беріп, көмектесуі керек. Бірақ емдеуші дәрігер ғана емделушінің мүдделерін басшылыққа ала отырып, әріптестерінің ұсыныстарын қабылдауға немесе олардан бас тартуға құқығы бар әрі емдеу процесі үшін толық жауапкершілікте болады.
  5. Денсаулық сақтау мекемесінің бас дәрігері өзіне бағынысты медицина қызметкерлерінің кәсіби өсуіне қамқорлық жасауға міндетті.
  6. Медицина қызметкерлері мекеменің басқа медициналық және көмекші персоналына құрметпен қарауға, олардың біліктілігін арттыруға ұдайы қамқорлық жасауға міндетті.

V Медициналық құпиялылық

  1. Әрбір пациенттің жеке өміріне қол сұғылмау құқығы бар, ал дәрігер, сондай-ақ медициналық көмек көрсетуге қатысатын басқа да адамдар пациент қайтыс болғаннан кейін де, сондай-ақ медициналық көмекке жүгіну фактісінің өзінде, емделуші басқаша бұйрық бермесе, медициналық құпияны сақтауға міндетті.
  2. Құпия науқасты емдеу (диагностика, емдеу әдістері, болжам және т.б.) барысында алынған барлық мәліметке таралады.
  3. Науқас туралы медициналық ақпарат қандай жағдайда ашылуы мүмкін?

– пациенттің өзінің жазбаша келісімімен;

– анықтау, тергеу, прокуратура және сот органдарының дәлелді өтініші бойынша;

– егер құпияны сақтау пациенттің және (немесе) басқа адамдардың денсаулығы мен өміріне елеулі қатер төндірсе (қауіпті жұқпалы аурулар);

– кәсіби тұрғыдан қажет басқа мамандарды емдеуге тарту кезінде.

  1. Дәрігер науқасты емдеуге қатысатын адамдардың да кәсіби құпияны сақтауын қамтамасыз етуге міндетті.
  2. Медициналық ақпаратқа қол жеткізу құқығын пайдаланатын адамдар пациент туралы алынған барлық ақпаратты құпия сақтауға міндетті.
  3. Ғылыми зерттеулер, студенттерді оқыту және дәрігерлерді жетілдіру процесінде дәрігерлік құпия сақталуы тиіс. Науқасты көрсету тек оның келісімімен ғана мүмкін болады.

VI Әдеп кодексінің шектері, оны қайта қарау тәртібі және оны бұзғаны үшін жауапкершілік

  1. Дәрігердің бірінші төрешісі – оның ар-ұжданы. Екіншісі – медициналық қауымдастық, ол медициналық бірлестік атынан ол қызмет ететін ұйымның жарғысына және басқа да құжаттарына сәйкес тәртіп бұзушыға айыппұл салынады.
  2. Егер этикалық нормаларды бұзу бір мезгілде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын қозғайтын болса, медицина қызметкері заңда көзделген жауаптылықта болады.
  3. ​​Қызметкер өзінің мінез-құлқы ұжымда көпшіліктің талқысына түсуі мүмкін екенін білуі керек.

VI Әдеп кодексін қайта қарау және түсіндіру

  1. Әдеп кодексін қайта қарау және оның ережелерін түсіндіру құқығы ШЖҚ №4 қалалық перзентхана КМК бойынша Әдеп жөніндегі комиссияға тиесілі.
  2. Кодексті қайта қарау тәртібі ШЖҚ №4 қалалық перзентхана КМК бойынша Әдеп жөніндегі комиссиясының шешімімен айқындалады.
  3. Нақты жағдайларда Кодекстің жекелеген ережелері бәр мәнді емес болуы мүмкін. Мұндай жағдайда этикалық комиссияның немесе конференцияның шешімі өз түсіндірмесін рәсімдейді. Түсіндірме Әдеп кодексіне қосымша ретінде бекітілгеннен кейін күшіне енеді.