Бүгін, 17 қараша – ерекше күн – Шала туған нәрестелер мәселесіне назар аударатын күн. Бұл күн – дәл осы жерде өмірге алғашқы қадамдарын жасаған әр сәбиді еске түсіріп, жанынан табылған жандарға алғыс айтуға себеп.
2025 жылдың басынан бері бізде 74 нәресте мерзімінен бұрын дүниеге келді. Олардың әрқайсының өз тарихы бар, денсаулық жағдайы әртүрлі, салмақтары да 1,5 килограмнан 3 килограмға дейінгі аралықта әртүрлі. Бірақ бәрін біріктіретін ортақ қасиет – өмірге деген ғажап жігер және кәсіби мамандардың қамқорлығы.
Бөлімшелерде күн сайын осы кішкентай сәбилерге қауіпсіз, қамқор әрі жылы әлем қалыптастыратын команда жұмыс істейді. Бұл – 7 неонатолог дәрігер, 13 балалар медбикесі, оның ішінде жаңа туған нәрестелердің жансақтау бөлімі мамандары – 4 реанимациялық медбике. Олар тәулік бойы баланың қасында болады, алғашқы тынысын, ата-ананың алаңдаушылығын, сәбидің алғашқы жетістіктерін өз көздерімен көреді.
Біздің балаларымыз өсіп келеді, күш жинап жатыр, ал біз олардың күтіміне қажеттінің барлығын үздіксіз жетілдіре түсеміз. Көп тыныштықты, көп сабырды және кішкентай жеңістерді талап ететін бұл еңбек әрдайым тек бір мақсатқа, яғни сәбиді өз үйіне аман-есен жеткізуге бағытталған.
Әрбір шала туған сәби — батылдық тарихы.
Әрбір отбасы — сенім тарихы.
Әрбір қызметкер — кәсіби қамқорлық тарихы.
Ал бәрі бірігіп — жоспардан ерте бірақ әрдайым дәл уақытында келетін болашақты құрайды.


