КГП на ПХВ «Городской родильный дом № 4» успешно прошёл внешнюю комплексную оценку и получил первую категорию медицинской аккредитации от Института качества и аккредитации в здравоохранении Республики Казахстан, сроком на 2025-2028 годы.
Алматы қаласындағы «№4 Қалалық перзентхана» ШЖҚ МКК сыртқы кешенді бағалаудан сәтті өтіп, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласының Сапа мен аккредиттеу институтынан 2025–2028 жылдарға арналған медициналық аккредитациясының бірінші санатын алды.
Бірінші санаттың берілуі – бұл ұжымның кәсіби біліктілігіне, ұйымшыл жұмысына және сапа мен пациент қауіпсіздігінің ең жоғары стандарттарына сай болуға деген ұмтылысына берілген жоғары баға. Бұл мәртебе мекеменің медициналық қызмет сапасын жүйелі түрде басқару, негізгі стандарттарды тұрақты орындау және аналар мен нәрестелер үшін қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы нәтижелі жұмысының айғағы болып саналады.
Қазақстан Республикасындағы медициналық аккредитация жүйесі денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін көпдеңгейлі бағалау арқылы жүзеге асырылады.
Бірінші санат мынадай талаптарға толық сай келген мекемелерге беріледі:
• клиникалық процестерді қолданыстағы хаттамалар мен нормативтерге сай ұйымдастыру;
• пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәуекелдерді басқарудың сенімді жүйесін енгізу;
• кадрлық әлеуеттің және инфрақұрылымның жоғары деңгейін сақтау;
• ашықтық пен сыртқы бақылауға дайындықты қамтамасыз ету.
Бірінші санатты аккредитация алу – мекеме қызметіне деген пациенттер мен серіктестердің сенімін арттырып, оның денсаулық сақтау жүйесіндегі бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді. Бұл сонымен қатар, көрсетілетін медициналық көмектің ұлттық және халықаралық сапа стандарттарына толық сәйкес келетінін ресми түрде дәлелдейді.
«Біз үшін бұл жай мәртебе емес – бұл бүкіл ұжымның кәсіби еңбегінің және сапаға стратегиялық бағытталған жұмыстың нәтижесі. Жоғары стандарттарға сәйкестікті растағанымызды мақтан тұтамыз және алдағы уақытта да басты назарды пациенттердің қауіпсіздігі мен денсаулығына аударып, осы бағытта дами береміз», – деп атап өтті №4 қалалық перзентхананың ұжымы.
Медициналық аккредитация Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік актілеріне сәйкес Денсаулық сақтауда сапа мен аккредитация институты тарапынан өткізіледі.
Бірінші санаттың берілуі – медициналық ұйымның жоғары деңгейдегі жұмыс сапасын ресми түрде растайтын көрсеткіш болып табылады және ол белгіленген мерзім ішінде күшінде болады.