Алматы қаласының №4 перзентханада жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы өтті. Қалыптасқан корпоративтік дәстүр бойынша биыл да ұжымдағы балалары алғаш мектеп табалдырығын аттайтын қызметкерлерге арнайы оқу құралдары бар сыйлық жиынтығы табысталды.
Бұл – жай ғана сыйлық емес, бұл – дәстүрдің сабақтастығы мен қамқорлықтың белгісі. №4 перзентхана – өмір басталатын ғана орын емес, сонымен қатар отбасыны қадірлейтін, бір-бірін қолдайтын, болашаққа сеніммен қарайтын үлкен қауымдастық екенін тағы бір дәлелдеді.
«Қымбатты бірінші сынып оқушылары мен ата-аналар! Бүгін сіздер үшін алғашқы қоңырау соғылып, білім мен табысқа апарар маңызды жол басталады. Ізденімпаздық сіздерге бағыт-бағдар беретін компас болсын, ал мейірім мен еңбекқорлық – өмірлік серіктеріңізге айналсын. Біз сіздердің алда тек жарқын болашақ пен үлкен жетістіктер күтіп тұрғанына сенеміз», – деді директоры Зауре Датхаева.
№4 Перзентхана өз ұжымымен мақтанады: акушерлер, гинекологтар, неонатологтар, реаниматологтар, лаборанттар, санитарлық қызметкерлер. Олар күн сайын үлкен жауапкершілікпен жұмыс істеп, жаңа өмірдің жарық дүние есігін ашуына себепші болып, ана мен баланың денсаулығын қорғауға күш салады.