Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының бастамасымен 2018 жылдан бастап денсаулықты нығайту саласындағы маңызды шара ретінде атап өтілетін Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру апталығы өтіп жатыр.
Біздің елде ана сүтімен қоректендіруді қолдауға көп көңіл бөлінеді. Ресми мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта 0-ден 6 айға дейінгі балалардың 71%-ы тек ана сүтімен қоректенеді, ал екі жасқа дейінгі 400 мыңға жуық бала қосымша тамақтандырумен бірге ана сүтімен қоректендіруді жалғастыруда. Мақсат – тек ана сүтімен қамтуды 85%-ға дейін жеткізу.
🎯Ана сүтімен қоректендіру – баланың денсаулығы мен өмір сүруін қамтамасыз етудің ең тиімді әдістерінің бірі. Бұл тәжірибе балалардың интеллектуалды дамуына ықпал етеді, инфекция, артық салмақ және қант диабеті қаупін азайтады. Ана сүтімен қоректендіретін аналарда сүт безі мен аналық без обырының даму қаупі төмендейді.