Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Алматы қаласындағы №4 перзентхананың жаңа туған нәрестелер бөлімінің меңгерушісі Кудрявцева Ольга Борисовна «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды! 🏅
🌟 Ольга Борисовнаның еңбек өтілі — 38 жыл. Мыңдаған сәбидің өміріне араша түскен, өз ісіне адал, білікті маман ретінде танылған дәрігер бүгінде бүкіл ұжымның мақтанышына айналды.
🔹 «Алтын дәрігер» медалі — Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына елеулі үлес қосқан, кәсіби біліктілігі жоғары және көпжылдық еңбегімен ерекшеленген медицина қызметкерлеріне табысталады.
💐 Құрметті Ольга Борисовна! Сізді мәртебелі марапатпен және Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық, толағай табыс, қажымас қайрат тілейміз. Сіздің еңбегіңіз — шынайы алғыс пен ризашылыққа лайық.