Алматы қаласындағы №4 перзентхананың жаңа туған нәрестелер бөлімінің анестезиолог-реаниматологы Власов Олег Юрьевич «Мамандыққа адалдығы үшін» медалімен марапатталды — бұл РҚБ «Ұлттық медицина қауымдастығының» жоғары наградаларының бірі.
Марапат отандық денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан зор үлесі мен Қазақстан халқының денсаулығы жолындағы адал еңбегі үшін табысталды.
11 жылдық тәжірибе ішінде Олег Юрьевич өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, кәсіби біліктілігі жоғары маман ретінде танылды. Оның жұмысы — жоғары дәлдік пен ұқыптылықты қажет ететін күрделі сала, себебі ол күн сайын сәбилердің өмірін аман сақтап қалуға атсалысады.
Жоғары марапатпен шын жүректен құттықтаймыз! Ерен еңбегіңіз үшін алғыс білдіреміз! Сізге мықты денсаулық, кәсіби табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!