Алматы Бірыңғай қалалық телемедициналық Call-орталық - 8 727 300 505 Ұялы байланыс операторлары үшін бірыңғай нөмір - 1312

Жүктілікке ерте тіркелу: Алматы қаласы №4 перзентхананың акушер-гинеколог дәрігері Таирова Айшибанум Тұрғынқызынан кеңес:

Жүктілік – әрбір әйелдің өміріндегі күту мен үмітке толы ерекше кезең. Дегенмен, бұл маңызды кезеңнің асқынусыз өтуі және ана мен баланың денсаулығына максималды қауіпсіздігі үшін жүктілікті ертерек тіркеуге назар аудару қажет. Алматыдағы №4 перзентхананың акушер-гинекологы Айшыбанум Таирова өз ұсыныстарымен бөлісіп, мұның неліктен маңызды екенін түсіндірді.

1. Мүмкін болатын қауіптіліктерді ерте анықтау

Жүктіліктің ерте кезеңінде дәрігерге барудың негізгі себептерінің бірі ықтимал қауіптерді анықтау болып табылады. Жүктіліктің бірінші триместрінде дәрігерлер созылмалы аурулардың немесе генетикалық бейімділіктің болуын анықтау үшін қажетті талдаулар мен сынамалар алады. Бұл қажет болған жағдайда алдын ала бақылау және емдеу жоспарын жасауға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, біздің перзентханада ұрықтың ультрадыбыстық диагностикасы мен доплерографиясы жүргізіледі.

2. Дұрыс тамақтану және өмір салты

Ерте тіркеу мамандарға тамақтану және өмір салты бойынша ұсыныстар беруге мүмкіндік береді. Дәрігер денені қажетті дәрумендер және минералдармен қамтамасыз ететін оңтайлы диетаны таңдауға көмектеседі. Сонымен қатар, дене белсенділігі мәселелері талқыланады, бұл әсіресе ананың денсаулығы мен ұрықтың дұрыс дамуы үшін маңызды.

3. Психологиялық көмек

Жүктілік – бұл физикалық ғана емес, сонымен қатар эмоционалдық қиындық. Акушер-гинекологпен ерте кеңесу болашақ анаға өз тәжірибесі жәнк қорқынышымен бөлісуге мүмкіндік береді. Дәрігер қажетті қолдауды көрсетеді және уайымдарды жеңуге көмектеседі.

4. Тұрақты тексерулер

Уақытылы тіркелу жүктілік кезінде тұрақты медициналық бақылауды қамтамасыз етеді. Бұған әдеттегі ультрадыбыстық зерттеу, қан мен зәр анализі және ұрықтың дамуы мен ананың денсаулығын бақылауға көмектесетін басқа да тексерулер кіреді. Дәрігерге үнемі қаралу ауытқуларды ерте кезеңде анықтауға және ықтимал асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.

5. Оқыту және босануға дайындық

Жүктіліктің ерте кезеңдерінде дәрігер болашақ анаға жаңа туған нәрестеге күтім жасаудың негіздерін үйретуге, сондай-ақ оны босануға дайындауға кіріседі. Яғни толғақ кезінде қалай дұрыс тыныс алу керек, ауырсынуды басудың қандай әдістері бар және перзентханада өзін қалай ұстау керектігі туралы ақпарат береді.

Жүктілікке ерте тіркелу – бұл жай ғана формалдылық емес, ана мен баланың денсаулығына жасалған маңызды қадам. Айшыбаным Таирова барша әйелдерді дәрігерге баруды кейінге қалдырмауға және мамандардың ұсыныстарын орындауға шақырады. Сіздің денсаулығыңызға қамқорлық – сәтті жүктіліктің және дені сау баланың туылуының кепілі.

Сондықтан №4 перзентханада босану емханасы бар, перзентханада тәжірибелі және жоғары білікті дәрігерлер жүктілікті жүргізіп, босану кезінде отбасның қасында болады.