Алматы Бірыңғай қалалық телемедициналық Call-орталық - 8 727 300 505 Ұялы байланыс операторлары үшін бірыңғай нөмір - 1312
1. Жалпы ақпарат

Барлық жүкті әйелдер МӘМС жүйесінде сақтандырылуы керек, өйткені жүктілік пен босануға байланысты медициналық көмектің көп бөлігі МӘМС-ке кіреді.

Жұмыс істейтін жүкті әйелдер МӘМС-те жұмыс берушілердің аударымдары мен жарналары есебінен сақтандырылған.

Жеке кәсіпкерлер – жүкті әйелдер МӘМС-ке тұрақты жарналар есебінен сақтандырылған.

Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер МӘМС-те мемлекет жарналары есебінен сақтандырылған.

2. Жүктілік бойынша қандай мерзімде есепке тұру керек?
Жүкті әйел жүктіліктің 12 (он екі) аптасына дейінгі мерзімде тіркелген жері бойынша жүктілік бойынша Медициналық есепке тұруы тиіс.

Егер жүкті әйелдің МӘМС мәртебесі «САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН» болса, ол учаскелік дәрігердің есебіне тұра алады

Дереккөз:
Кодекстің 81 бабының 4 тармағы

3. Жұмыс істемейтін жүкті әйел

«Жұмыс істемейтін жүкті әйел» жеңілдікті санатына жүктілігі бойынша есепте тұрған, еңбек немесе кәсіпкерлік қызметі жоқ әйелдер кіреді. Бұл алдыңғы күнтізбелік ай үшін міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың болмауымен расталады.

Жүйе жарналардың төленгенін автоматты түрде тексереді, алдыңғы айда жарналар болмаған жағдайда әйелге жеңілдік санаты беріледі

Дереккөз:
«Медициналық қызметтерді тұтынушылардың есебін жүргізу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алуға құқық беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-333/2020 бұйрығы

4. Жүктілік бойынша қай клиникада есепке тұру керек?

Жүктілік бойынша есепке тұру үшін әйел өз емханасына жүгінуі керек. Жүкті әйел тұрғылықты жері бойынша емханаға тіркелуі керек.
Жүктілік есебіне тұру үшін әйел жүгіне алады:
1) тіркеу емханасында акушер-гинекологқа қарала алады. Гинекологқа қабылдау үшін жүкті әйел МӘМС – те сақтандырылуы керек;
2) учаскелік дәрігерге немесе акушерге жүгінуге болады. Осы мамандарға барған кезде МӘМС-те сақтандыру мәртебесі маңызды емес.
Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығы

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100024131#:~:text=16.%20%D0%9A%D0%BE%D0%B4%D0%B5%D0%BA%D1%81%D1%82%…

Spoiler title

Жеңілдік мәртебесін жою:

· Жеңілдік мәртебесі жұмыс істемейтін жүкті әйелдерге ғана беріледі.

· Егер міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар сияқты төлемдер түсе бастаса, әйел автоматты түрде жеңілдетілген сақтандыру мәртебесін жоғалтады.

Жеңілдік мәртебесін қалпына келтіру:

· Егер алдыңғы күнтізбелік ай үшін көрсетілген төлемдер болмаса, жеңілдікті мәртебе қалпына келтіріледі.

Дереккөз:
ДСӘДМ 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-333/2020 «медициналық қызметтерді тұтынушылардың есебін жүргізу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алуға құқық беру қағидаларын бекіту туралы»бұйрығының 3-параграфы

6. Жүкті әйел жеке кәсіпкер (ЖК) болып табылады, бірақ табыс таппайды, ол МӘМС бойынша жеңілдікті санатқа кіре ме?

Жеке кәсіпкер (ЖК) салық органдарында өз қызметін ресми түрде тоқтатқанға дейін, ол қолданыстағы болып саналады және, тиісінше, ЖК «нөлдік декларацияны»тапсырса да, МӘМС-ке міндетті төлемдер жасау қажет.

Жеңілдікті санатқа қосылу үшін жүкті әйел-жеке кәсіпкер (ЖК),
табыс таппаған адам салық органдарына өз қызметін тоқтата тұру туралы өтінішпен жүгінуі керек.
Қызмет тоқтатылғаннан кейін ол жеңілдік санатына кіре алады.