Алматы Бірыңғай қалалық телемедициналық Call-орталық - 8 727 300 505 Ұялы байланыс операторлары үшін бірыңғай нөмір - 1312
Еңбек өтілі 27 жыл. Оның ішінде, жан сақтау және қарқынды терапия бөлімінде 21 жыл қызмет етті. Жоғары біліктілік санатына ие.
«Қазіргі уақытта, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру медициналық академиясында оқуымды жалғастырып жатырмын. Мен асыл мамандықты таңдадым деп ойлаймын, өйткені адамдарды құтқару кез келген адамның қолынан келмейді. Әсіресе, перзентханада нәрестенің дүниеге келуі – бұл үлкен бақыт. Біздің дәрігерлер, мейірбикелер және кіші қызметкерлерден құралған үлкен ұжым, үнемі бір бірімізге көмектесіп, қолдау көрсетеміз.  COVID-19 пандемиясы кезінде біз коронавирус инфекциясы бар жүкті әйелдерге алғашқылардың бірі болып есігімізді аштық. Қайғының да қуаныштың да көз жасы болды. Бірақ біз бірлігіміздің арқасында біз соңына дейін бардық, ешкім шетте қалмады, барлығы көмекке келді. Мемлекеттің қолдауы сезілді.
Біздің тату ұжым күн сайын адам өмірін құтқару үшін қызмет етеді. Неонатологтардан, операциялық топтан және басқа да кеңесшілерден тұратын топты жұмылдыруды керек ететін жедел жағдайлар орын алып жатады. Ал жүкті әйел аман-есен босанып, дүниеге сәби келгенде біз қатты қуанамыз.
Жан сақтау бөлімі – жедел қызмет, біз әрқашан алдыңғы шепте, күндіз-түні аяғымыздан тік тұрып төтенше жағдайларға толық дайын боламыз. Ұжымның кәсібилігінің арқасында табысқа жетуге болады. Барлығы ортақ мақсат үшін жұмыс істейді, перзентхананың әрбір қызметкері өз міндетін түсінеді және жұмысын жоғары кәсіби деңгейде орындайды».