Алматы Бірыңғай қалалық телемедициналық Call-орталық - 8 727 300 505 Ұялы байланыс операторлары үшін бірыңғай нөмір - 1312

Менің негізгі ұстанымдарым – «мейірімділік, жанашырлық, адалдық», – Алинұр Қасымқызы Ансарова, Алматы қалалық №4 перзентхананың анестезиология және жансақтау бөлімінің мейірбике-анестезиологы.

Еңбек өтілі 13 жыл.

«Мен еңбек жолымды жансақтау бөлімінде бастадым. Науқастардың жағдайы жақсарып, оң динамика көрсеткен кезде қуанасың.

Реанимация – бұл өмір үшін күрес! Жағдайдың оңалуы да мүмкін, ал кей кезде жаныңды ауыртатын қиын жағдайлар да орын алып жатады.  Соған қарамастан, барлық жағдайда шыдамдылық таныту керек.

Ал мейірбикелердің қосар үлесіне келсек, науқастың ары қарай сауығып кетуі мен емдеу ұзақтығы дәрігердің нұсқауын уақытылы, мейірімділікпен және жанашырлықпен орындауына байланысты.

Біздің анестезиология және реанимация саласындағы жұмысымыз «мейірімділік, жанашырлық және адалдыққа» негізделген. Реанимацияда ең бастысы – ол командалық жұмыс, сондықтан мұнда әрбір қызметкердің жұмысы маңызды».