13 қыркүйекте Алматы қаласының тұрғыны Әсел Құлахметова №4 перзентхананың жедел жәрдем бөліміне толғатып түскен.
Көп ұзамай Әсел ұл баланы дүниеге әкелді. Баланың салмағы 5 келі. Нәресте табиғи жолмен дүниеге келді. Босануға акушер-гинеколог Кемалова Индира Берікбайқызы көмектесті. Қазіргі уақытта ана мен баланың денсаулығы жақсы. Жақын арада үйге шығуға дайындалып жатыр.
Айта кетейік, Әсел мен жолдасы Бауыржанның бұған дейін 4 келі салмақпен туылған Ақмөр деген қызы мен Қабанбай атты ұлы бар.
«Біздің балаларымыз қазақтың біртуар батырлары Қабанбай Бауыржанұлы, және Бөгенбай Бауыржанұлы есімдерін алып жүр. Операциясыз босануға көмектескен №4 перзентхана ұжымы мен акушер-гинеколог Индира Берікбайқызына алғысым шексіз. Менің ұлдарым туған жерінің лайықты азаматтары болады деп сенемін», – дейді Әсел Құлахметова.